Қоғам
Мәселе бақылауға алынған
Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыс тұрғындары – ерлі-зайыпты Владимир және Валентина Тарасовтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Олар ұлдары Григорийдің қайғылы қазасына қатысты қылмыстық істің қайта тергелуін талап етуде. Қыркүйектің соңында облысымызға іссапармен келген ішкі істер министрі Марат Ахметжанов та зейнеткерлерді арнайы қабылдап, қылмыстық іс материалдарымен жіті танысқан болатын.
– Жақын арада менің тапсырмам бойынша Валентина Федоровна мен Владимир Григорьевичті осы істі одан әрі тергеу тактикасын анықтау үшін облыс прокуроры қабылдайтын болады, – деді бұл мәселені тұрақты бақылауында ұстап отырған облыс әкімі.
Ержан Кеңесұлы