Мерзімінен бұрын босаған жазасын өтеушілер саны 2,5 есеге артты

Өскеменде жаза өтеу тәртібін қатаң сақтаған сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату көрсеткіші 2,5 есеге артты.
Өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу шаралары барысында пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары мен ойын-сауық кешендері бойынша кешкі мезгілде тексеріп, профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Шара барысында қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға кеіслген адамдардың қайталама құқықбұзушылыққа барып-бармағаны тексерілді.
Салыстармалы түрде қарасақ, өткен жылдың төрт айында алты қайталама қылмыс жасау фактісі тіркелсе, биылғы жылдың төрт айында мұндай құқықбұзушылықтар болған жоқ. Осылайша, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу ережелері мен тәртібін қатаң сақтап, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар саны 2,5 есе арта түсті, – дейді Солжағалау аудандық пробация қызметінің психологы Мөлдір Кабибиева.