Қоғам
“Мен мүлдем уайымдап тұрған жоқпын”. Ж.Бекшин вакцина салдырды

Алматыдағы №5 қалалық ауруханада Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшілері жазды.
Айта кетейік, қазір елімізде жаппай вакцинация жүргізіліп жатыр.
– «Мен мүлдем уайымдап тұрған жоқпын. Себебі аталған вакцина қауіпсіздіктің бірінші кезеңінен сәтті өтті. Ресейде екі миллионнан астам адам вакциналанды. Сондықтан, алаңдаушылық жоқ. Бұл вакцинаның сапасына, тиімділігіне еш күмән келтірмеймін», – деді Жадарбек Бекшин вакцинация алдында.
Балауса Мэлсқызы