Мемлекеттік тілді жетік меңгергендер
Шемонайха ауданында облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекетті тіл – тәуелсіздік символы» атты мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында облыстық байқау өткізілді. Байқауға облыстың аудан-қалаларынан 21-35 жас аралығындағы жастар қатысты.
Байқау үш кезеннен тұрды. Бірінші кезенде қазылар алқасы байқау қатысушылары ұсынған бейнематериалдарды бағалады. Екінші кезенде қатысушылар ұяшық тандап, берілген тақырыпта ой толғады. Үшінші кезенде қатысушылар мемлекеттік тілде «Жаңа тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында эссе жазды.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға Шемонайха ауданының атынан қатысқан Юлия Богатырева ие болды. Екінші орынды Алтай ауданының өкілі Р.Канцеров жеңіп алса, үшінші орынды Глубокое ауданының намысын қорғаған А.Яковлева мен Күршім ауданынан келген А.Иванова иеленді.
Байқау сонында қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қазылар алқасы байқау жүлдегерлерін құттықтап, мемлекеттік тілге деген құрметі үшін алғыс білдірді.
Ынтымақ Толқын