Мемлекетті басқару ісіне азаматтар да үлес қоса алады
Ұлан ауданының Таврия ауылында өткен кездесу барысында елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар кешені қарастырылды.
Кездесу барысында белгілі болғандай тұрғындардың басым көпшілігі елімізде азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуын қамтамасыз ететін бірқатар жаңа тетіктің пайда болатыны жайлы хабарсыз болып шықты. Осы ретте бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру керек екендігі анық.
ШҚО Азаматтық Альянстың төрағасы Аяужан Әшімова жиналғандарға қоғамдық бақылау, қоғамдық мониторинг, қоғамдық талқылау сынды тетіктердің ерекшеліктерін түсіндіріп, қатысушыларды белсенділік танытуға шақырды. Іс-шара барысында қоғамдық кеңестер мен жергілікті қоғамдастық жиналыстарының рөлі ерекше аталып өтті.
Аталмыш іс-шара Ұлан ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен “Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу” жобасының шеңберінде «Антарес А» қоғамдық қорымен жүзеге асырылды.
Диас Кенжеұлы