Қоғам

Мемлекет пен қоғамның байланысы артады

Еліміздің Конститутциясына өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдумның мән-мағынасы жайлы,  Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Сенатор Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың профессор-оқытушылар құрамымен және  студенттермен кездесіп,  маусым күні болатын референдумның маңыздылығына тоқталып өтті.  «Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттіліктің жаңа моделін қалыптастыруды көздейді. Бұл – мемлекет пен қоғамның байланысын бұрынғыдан да жақындата түсетін үлкен мүмкіндік. Реформа аясында Ата заңымыздың 33 бабына түзету енгізіледі. Яғни, еліміздің ең басты құжаты  – Конститутцияның үштен бірі өзгереді. Атап айтсақ,  Президенттің жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі, жер мен жер астындағы байлық халыққа тиесілі болады, қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады, Қазақстанда өлім жазасы болмайды, мажоритарлық жүйе сайлаушылардың қалауы бойынша депутаттың өкілеттігін тоқтатуға мүмкіндік береді» – деп атап көрсетті Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина.

Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина Өскемендегі  «Зерек» креативті білім беру орталығында волонтерлармен,  көпсалалы онкология және хирургия орталығында денсаулық сақтау саласының  мамандарымен жүздесіп, жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды қадам  – конститутциялық реформа жайлы кеңірек түсіндірді.  Сондай-ақ Парламент Сенатының депутаты еліміздегі ең ірі тау-кен металлургия компанияларының бірі  – «Казцинк» жұмысшыларымен,  Достық үйінде  бір шаңырақтың астында  береке-бірлікте өмір сүріп жатқан  Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерімен кездесіп, Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың қоғам үшін маңызы жоғары екеніне тоқталып, саяси реформадан шет қалмауға шақырды.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Осы айдарда

Back to top button