Мемлекет басшысының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтті

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арналған съезге өңірлік конференцияларда сайланған делегаттар, Парламент депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар құрылымдарының, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, бастауыш партия ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, партия ардагерлері қатысты.
Негізгі отырыс басталар алдында Елбасы «Нұр Отан» партиясының қазіргі жұмысына, партияны жаңғыртуға және оның тарихына арналған арнайы көрмені аралады. Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқына арналған Жолдау мен «Бес әлеуметтік бастаманың» іске асырылу барысына мониторинг жүргізудің жаңа жүйесі, сондай-ақ партия жобаларын жүзеге асырудың нәтижелері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне жаңа «Цифрлық партия» жүйесінің мүмкіндіктері көрсетілді.
Съезд барысында партияның «Бақуатты қоғам: он жылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы, партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітіліп, партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, сондай-ақ партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-тексеру комиссиясы жұмыстарының қорытындылары жөніндегі есептері қабылданды.
Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі
Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде Қазақстанның өткен 20 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, елімізде болған барлық оң өзгерістердегі «Нұр Отан» партиясының рөлін ерекше атап өтті.
– Қадірлі партияластар! Баршаңызды «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 1999 жылғы 1 наурыз егемен еліміздің жылнамасына партиямыздың негізі қаланған күн ретінде енді. Тарих өлшемімен қарағанда бұл – көп уақыт емес, бірақ біз үшін тұтас дәуірге бара-бар. Ғасырлар тоғысындағы күрделі экономикалық жағдай тез арада дұрыс таңдау жасауымызды талап етті. Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін бізге батыл әрі маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе, өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қоятын едік.
Осындай ұлы мақсатты көздеген «Нұр Отан» партиясы халықтың сенімін ақтап, орнықты ілгерілеуімізді қамтамасыз ететін бірден-бір саяси күшке айналды.
Сындарлы жылдарда жанымнан табылып, биік белестерді бағындыруға атсалысқан партияластарыма алғысымды білдіремін. Мен бүгін өздеріңізбен бірге атқарған жұмысымызды қорытындылап, болашақ бағдарымыз туралы ой бөліссем деймін. Ең алдымен, қол жеткізген жетістіктерімізді айшықтайтын нақты фактілерге тоқталайын. Еліміздің экономикасы айтарлықтай өсті. Сыртқы сауда айналымының көлемі 9 еседен астам артты. Қазақстанға шетелден 320 миллиард долларға жуық тікелей инвестиция тартылды. Азаматтарымыздың кірісін 16 есе көбейттік. 141 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бүкіл елімізде әлеуметтік маңызы зор жаңа инфрақұрылым нысандары бой көтерді. 1400 заманауи аурухана, емханалар мен амбулаториялар, 2865 жаңа мектеп, колледждер мен балабақшалар ашылды. Мұның бәрі – бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. «Нұр Отан» мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға ықпал етіп, сайлаушылардың сенімін ақтап келеді, – деп бастады съездегі баяндамасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
– Бүгінгі съезд еліміздегіжаңабастамаларғажолашадыдепойлаймын. Дегенмен, келешеккемақсатқоймас бұрын бүгінгі жағдайды да ұмытпауымызкерек. Біздіңнегізгімақсатымыз – азаматтарымыздың хал-ахуалынжақсарту. Мемлекетімізқұрылғанкезденбастапқандайжаһандық проблема, дағдарысболмасын, азаматтарымыздыңәлеуметтікжағдайыбіріншікезектеболды, –дедіЕлбасы.

Елбасы съезде Үкіметке бірқатар тапсырма берді. Солардың бірі – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға арналған 40 мыңнан аса жалдамалы тұрғын үй салу. Елбасы ол үшін жыл сайын қосымша 50 миллиард теңге бөлінетінін мәлім етті. Осы ретте «Үкіметке көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға ТҚЖБ арқылы 3-4 пайызбен тұрғын үй несиесін беру бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.
– Биыл әлеуметтік салаға республикалық бюджеттің 45 пайызы жұмсалмақ. Бірақ әлеуметтік блокта бірқатар мәселе бар. Сондықтан мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін Ұлттық қордан ақша бөлу туралы шешім қабылдадым», – деді НұрсұлтанНазарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы өз сөзінде қазіргі уақытта Қазақстан нарық заманындағы мемлекеттің басты міндеті – азаматтарға жұмыс тауып беру екенін айтып өтті.
– Көмекке мұқтаж санаттағы адамдарға беріліп, атаулы сипатқа ие болуы керек. Мен бұл мәселені жеке бақылауыма аламын. Партияластарды да бөлінген қаражатты әрбір отбасыға жеткізуде бақылауға көмектесуді сұраймын. Менің тапсырмам бойынша бүгінгі таңда азаматтарды алаңдататын мәселелерді анықтады. Ол мәселелер – балаға бөлінетін жәрдемақы, көпбалалаы отбасылардың жағдайын жақсарту, баспанамен қамту. Партияның осы мәселелерді шешудегі маңызды үлесі – әлеуметтік саясатты үш бағыт бойынша жүзеге асыру. Біріншіден, халықтың аз қамтылған бөлігінің кірісін арттыру және қолдау, екіншіден, кірісі төмен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу және білім, денсаулық сақтау саласын жақсарту, үшіншісі, аймақтарды кешенді түрде дамыту, – деді Елбасы.
Сондай-ақ Президент бүгінгі таңда қазақстандық отбасылардың жағдайын жақсартуға маңыз беру керектігін атап өтті.
– Осы жылдан бастап қаңтар айында базалық айлық мөлшерін бір жарым есеге өсірдік. Мұғалімдердің айлығын 30 пайызға, біліктілігін арттырған ұстаздарға 50 пайызға арттырдық. Демек, осы санаттағы азаматтардың кірісі айтарлықтай өсті. Бұл бағдармада бір миллион азаматтық қызметкерді қамтиды. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Президент көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемін арттыруды тапсырды.
–Кірісі аз отбасылар арасында 111 мың отбасы ғана атаулы көмек алады екен. Көп балалардың жәрдемақысын әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуді және мүгедек бала асырап отырған ата-аналар мен отбасыларға, асырушыларға берілетін жәрдемақыны 30 пайызға арттыруды тапсырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Оның айтуынша, бүгінде елімізде 4 баладан көп баласы бар 340 мың отбасы бар. Оларды қолдау үшін 500 миллиард бөлінген.
– Мұндай қолдауды алда да жалғастыру керек. Толық емес көпбалалы отбасыларды қолдау керек. Жұмыспен қамту керек. Қашықтан жасайтын жұмыспен болса да, – деді Елбасы.
Съезде денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша қаржы бөлінетіні мәлім болды. Мемлекет басшысы қоғамдық денсаулық пен алғашқы медициналық көмекке бөлінетін қаражаттың жалпы денсаулық сақтау саласына қарастырылған ақшаның 40 пайызынан 60 пайызға дейін арттырылуы тиіс екенін айтты. Одан бөлек, аталған саланы дамытуға қосымша 120 миллиард теңге бөлінетіндігін атап өтті.

– Ауыл – ел бесігі. Сондықтан ауылдарды өсім нүктелеріне айналдыруымыз керек. Әрбір ауылда міндетті түрде жұмыс орны ашылуы керек. Ол үшін микронесиелер бағдарламасы бар. Ауыл тұрғындарын өз мекендерінде алып қалу үшін оларға жұмыс керек. Бізде бірнеше мамандықты тегін оқыту жүйесі, Жол карталары бар. Мүмкіндіктер мол. Тек нақты жұмыс істеу керек. Баспана мен жол салып, әлеуметтік нысандарды тұрғызып, ШОБ-ты дамыту керек. Ауылдың да өзінің әлеуеті бар. Ол үшін өңдеу өнеркәсібін дамыту керек. Елімізде үлгілі ауылдар жетерлік, – деді Мемлекет басшысы.
Осыған байланысты Президент Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру үшін ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. «Сонымен бірге, ұсыныстармен қатар осы бағытта қаржыландыру бойынша 2019-2021 жылдары 90 миллиард теңге бөлуді тапсырамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысының айтуынша, жоғарыдағы шаралар жастардың ауылда қалуына себеп бола алады. Жалпы съезд жұмысына 2 мыңға жуық адам қатысты. Олардың 1200-і еліміздің барлық өңірінен келген делегаттар.
Мемлекет басшысы облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардың сапасын арттыруға 350 миллиард теңге бөлуді тапсырды.
– Біздің балаларымыз, шөберелеріміз осы жолдармен жүреді. Заманауи жолдар желісін кеңейту – Үкіметтің негізгі міндеті. Оның орындалуын партия бақылауы тиіс. Осы ақшаны дұрыс жұмсаған жағдайда 2025 жылы облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардың сапасы 95 пайызға жақсарады деп санаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының айтуынша, өңірлік транспорттық инфрақұрылымдардың барлық нысанын жақсартуға да осы қаражат жұмсалады. Әуежайлар мен теміржол вокзалдарындағы жолдардың да сапасы жақсаратыны айтылады.
Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде білім саласындағы реформаны да логикалық нәтижелерге дейін жеткізу керектігін айтты.
– Қазіргі заманғы шындық біздің балаларымызда жаңа дағдылар мен құзыреттерді дамытуды талап етеді. Мен үш тілділік біртіндеп нормаға айналуы тиістігін айтқан едім. Біздің балаларымыз – жаһан балалары. Олар бүкіл әлемдік кеңістікте, үздік жоғары оқу орындарында білім алуда. Сондықтан қазақ, орыс және халықаралық ағылшын тілін білу маңызды, – деді Мемлекет басшысы.
Дегенмен, Елбасы бұл саясатта асығыстық болмау керегін ескертті.
– Алдымен педагогтерді дайындап алу қажет. Ағылшын тілін білетін физика, математика және химиядан сабақ беруге қабілетті педагогты оқыту қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы әрбір өңірде алдыңғы қатарлы ең азы бір жоғары оқу орны болуы керектігін баса айтты. Әрбір өңірде кемінде бір ілгері жоғары оқу орны, яғни мемлекетімізде 17 ЖОО және 10 заманауи колледжден болуы тиіс. Оқу орындарының тиімділігінің басты өлшемі – бұл түлектердің жұмысқа орналасуы. Университет түлегі жұмысқа орналасса, бұл – университеттің бағалануы, мамандарының қажет екендігі.
– Біздің басты басымдығымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстанды әлеуметтік бағыттағы мемлекет ретінде дамыту. Біз қиын кезеңдердің өзінде әлеуметтік міндеттемелерімізді орындадық. Елімізде әрдайым әлеуметтік салаға мол қаржы бөлініп келді, бұл көрсеткіш алдағы уақытта бірте-бірте арта беретін болады, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру үшін Ұлттық қордан қаражат бөлінетіндігі туралы айтты.
Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатты одан әрі жүзеге асырудың негізгі бағыттарына тоқталып, оны іске асыруға партияның белсенді атсалысуы қажет екенін атап өтті.
Партия тұрғындардың күнделікті мәселелерін шешу ісіне белсенді атсалысуға тиіс. «Халыққа көмек» жобасы осы жұмыстарды күшейтуге бағытталған.
Бүгінгі таңда қоғамның өзекті сұраныстарына жедел жауап беру және соларға мемлекеттік органдардың назарын аударту маңызды мәселе саналады.
– «Нұр Отан» – толағай табыстың және болашаққа жол ашатын жарқын жетістіктердің партиясы. Біздің ұзақ мерзімді стратегиямыз, мол табиғи ресурсымыз, саяси ерік-жігеріміз бар. Мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен және тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенеді. Сондықтан мен өзіме сенім артқан халқымның болашақта емес, қазір бақытты болғанын көргім келеді. Біздің ұстанымымыз – татулық пен тыныштық, ұранымыз – береке мен бірлік. Тәуелсіз Қазақстанның арқа сүйейтін тірегі – баянды бейбітшілік пен келелі келісім! Бас партия болу дегеніміз – басқаруемес, елгеадалқызметету! Біз – халықбірлігініңпартиясымыз. Бүгінгі съезд Қазақстанды дамытудыңжаңакезеңінежолашады. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығынабауырымызбүтін, аман-есен, мол табыспен жете берейік! – деп түйіндеді өз сөзін Мемлекет басшысы.
Электронды БАҚ материалдары негізінде әзірленді