
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Аягөз қаласындағы №10 қазақ мектеп-гимназиясында жаңа кітапхананың ашылу салтанаты өтіп, оған аудан басшысы Сейілбек Ысқақов та қатысты.
Ол іс-шараға жиылған оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар қауымы алдында рухани азық – кітаптың бүгінгі жас ұрпаққа берер тәлімі-тәрбиесі туралы айтты. Сондай-ақ көркем әдебиеттің өмірде алар орны жайлы айта келіп, осынау құндылығымыздың ешқашан аласармайтынын тілге тиек етті. Жалпы, білім беру ұйымдарының кітапханаларын дамытудың және «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары негізінде ашылып отырған кітапхананың өміршең болуы оқырман қауымға тікелей байланыстылығын айтты.
Аягөз ауданы.
шартты сурет