Қоғам

Мектептегі жаңа кітапхана ашылды

Берікхан Тайжігіт

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Аягөз қаласындағы №10 қазақ мектеп-гимназиясында жаңа кітапхананың ашылу салтанаты өтіп, оған аудан басшысы Сейілбек Ысқақов та қатысты.

Ол іс-шараға жиылған оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар қауымы алдында рухани азық – кітаптың бүгінгі жас ұрпаққа берер тәлімі-тәрбиесі туралы  айтты. Сондай-ақ көркем әдебиеттің өмірде алар орны жайлы айта келіп, осынау құндылығымыздың ешқашан аласармайтынын тілге тиек етті. Жалпы, білім беру ұйымдарының кітапханаларын  дамытудың және «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары негізінде ашылып отырған кітапхананың өміршең болуы оқырман қауымға тікелей байланыстылығын айтты.

 

                                                                                Аягөз ауданы

Осы айдарда

Back to top button