Қоғам
Мектебім

Мектебім менің, сені анамдай сезінем,
Білім алдым мен де бес жас кезімнен.
Ұстазым мен қандай жақсы достарым,
Бақытты сəттер өткен бір өзіңмен.
Мектеп-анам, қандай ыстық құшағың,
Білімменен кескен өзің тұсауым.
Балапандай теріп өнер-білімді,
Қыран болып тұғырыңнан ұшамын.
Қоңыраумен алғаш есік аттағам,
Сенен алғаш қалам ұстап бастадым.
Есейгенде адам болып елеулі,
Ел борышын міндет етіп атқарам.
Ұстаз атың қасиетті, киелі,
Сабақ берген білімменен жүйелі.
Күнді айналып, айды қолға алса да,
Құрмет етіп, шəкірт басын иеді.
Мәрмәр Бақытхан, Пушкин атындағы орта мектебінің оқушысы
Ұлан ауданы