Медицина, жылумен жабдықтау, интернет: ШҚО Ұлан ауданының тұрғындарын не толғандырады?
ШҚО Ұлан ауданының тұрғындарын инфрақұрылымды дамыту, интернетпен қамтамасыз ету, “Кедергісіз орта” және ұлттық спортты дамыту мәселелері толғандырады.
Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауыл тұрғындарын қандай проблемалар толғандыратынын білді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Өңір басшысы осындай кездесулердің дәстүрлі форматынан бас тартып, бірден ашық диалогқа көшті.
Интернет сапасының мәселелері әсіресе ауылдық жерлерде өзекті. Оның үстіне, жаңа оқу жылы қарсаңында Ұлан ауданының Жоғарғы Тайнты ауылының тұрғыны желінің төмен жылдамдығына байланысты қиындықтарды мектеп оқушылары көбірек бастан кешіп жатқанын айтты. Бұл ауылда жоғары желілі интернет қашан пайда болатын ШҚО цифрландыру басқармасы басшысының м.а. Ілияс Әбдірахманов айтып берді.
– Тиісті құжаттар әзірленуде. Tele2 ұялы байланыс операторымен келісім бар. Олар өз жабдықтарын орнатуы керек. Жұмыс жоспарына сәйкес жыл соңына дейін аяқталуы тиіс, келесі жылдың басында – қосылу болады, – деп жауап берді І. Әбдірахманов.
Өңір басшысы Ермек Көшербаевпен кездесу барысында жергілікті тұрғындардың бірі жылу жүйесіне шағымданды.
– Кент жылдан жылға салынып, кейіп жатыр, бірақ біздің жылыту жүйесіне жөндеу жұмыстарының жасалмағанына көп болды. Құбырлар жиі жарылып тұрады. Жылу желілеріне жөндеу жасала ма немесе жаңасы салына ма? – деп сұрады кент тұрғыны.
Аудан әкімі Думан Рахметқалиев желілерді жөндеу бойынша ЖСҚ дайын екенін айтты. Олар бюджеттен қаржыландыру алынғаннан кейін жөнделеді.
– Биыл бізде 800 метр құбырды ауыстыру жоспарланған. Желілер бойынша ЖСҚ дайын, егер қаржыландыру болса, жобаны іске асырамыз. Келесі кезекте кент ішіндегі барлық желілерді ауыстыру мәселесі тұр. Сараптамасы бар ЖСҚ қыркүйек айының соңына дейін дайын болады. Содан кейін облыстағы барлық қорытындыларды алып, жобаны әрі қарай қаржыландыру үшін ҚР ИИДМ – ге жібереміз, – деп түсіндірді Думан Рахметқалиев.
ШҚО әкімі өз кезегінде әріптесіне жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халықты хабардар етуге кеңес берді. Ермек Көшербаевтың айтуынша, сонда тұрғындар бөлінген қаражатты не үшін жұмсап жатқанын түсініп, билікке сенім артатын болады.
Ұлан ауданында жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Орталық қазандық 60 пайызға, жылу және су құбыры желілері – 80 пайыздан астамға, су бұру желілері – 100 пайызға жуық дайын.
Алайда, халықтың жылыту маусымына көмірмен қамтамасыз етілуі небәрі 37 пайызды құрайды – 15 мың тоннадан сәл асады. Ауданның бюджеттік ұйымдарында үш жарым мың тоннадан астам қатты отын дайындалды, бұл қажетті мөлшердің 90 пайызынан астамын құрайды.
Ауданның жылу желілерін жөндеу үшін қажет қаржыландырудың жалпы сомасы-800 миллион теңгеден асады. Қаражат алуға өтінім ҚР ИИДМ-ге жолданды.
Көтерілген мәселелердің қатарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдауға байланысты да мәселелер болды. Белгілі болғандай, ауданда ерекше қажеттіліктері бар 1478 адам тұрады, олардың 103-і 18 жасқа толмаған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ауруханаларға, оңалту орталықтарына және т. б. жерлерге бару қиынға соғады.
– Ұлан ауданының тұрғындары үшін 29 млн теңгеге арнайы инватакси бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Келесі жылдың сәуір айында инватаксиді іске қосуды жоспарлап отырмыз, – деді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.
Ауыл тұрғындары үшін қыркүйек айында аудан орталығында көптен күткен емхананың құрылысы басталатыны жақсы жаңалық болды.
– Емханаға қаражат бөлінді, конкурс аяқталды, мердігер анықталды. Бүгін біз кәріз жұмыстарын реттеп жатырмыз, оны алысқа шығарамыз. Бірақ біз құрылысты бастай алмаймыз, өйткені біз шұңқырды қаза алмай жатырмыз. Бұл жерде кәріз желілері жатыр. Қыркүйек айының ортасына қарай жұмысты бастау керек, – деді Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиев.
Тұрғындар әкімнен ауылдық жерлерде ұлттық спорт түрлерінің дамуына назар аударуды сұрады. Өңір басшысы бұл мәселе өзекті екенін және кезең-кезеңімен пысықталатынын атап өтті.
Оразай Жеңісұлы