Сайлау-2022

Медицина мәселесін көтерді

Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев Атырау облысына барды.

Үміткер Махамбет ауданында салынып жатқан жылыжай құрылысымен танысты. Сосын Сарайшық музейіне барды. Көне қаланың Жайық жағасындағы орнына да ат басын бұрды. Аудандағы медициналық мекеме, мектеп және мәдениет үйіне соқты.

Сарайшық ауылы дәрігерлерімен кездесуде ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің сапасы жайлы айтылды. Өзекті проблеманың бірі – медициналық сақтандырумен қамту. Тұрғындардың жұмысы болмағандықтан медициналық сақтандыру қорында түсімдері жоқ. Сол себепті мемлекеттен көрсетілетін медициналық көмек ала алмайды.

– Тығырықтан шығудың жолы – жеке үй шаруашылығы кооперациясын құру. Бір ЖҮШ-те кемі екі адам – ері мен әйелі жұмыс істейді. Олар өндірген ауыл шаруашылығы өнімін кооперативке өткізсе, кооператив олардан салық ұстауға міндетті. Осылайша, қаражаттың бір бөлігін медициналық сақтандыру шотына аударуға болады, – деді Ж. Дайрабаев.

Осы айдарда

Back to top button