Экономика

Маңызды орталық мамыр айында ашылады

Алдағы мамыр айында Өскеменде кәсіпкерлерге қызмет көрсететін арнайы орталық жұмысын бастайды. Мұндай орталық бұған дейін Зырян мен Серебрянка қалаларында ашылған.

Маңызды орталық мамыр айында ашыладыБұл туралы Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев пен облысымыздағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының директоры Бақыт Мұсаев арасындағы кездесуде мәлім болды. Қазіргі уақытта мекеме ғимаратын жөндеу жұмыстарына қатысты мәселелер шешілуде.

– Бұл орталық кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсететін болады. Басты мақсат – бизнеспен айналысуға бел буған азаматтарға маман кеңесін беріп қана қоймай, оларға дұрыс бағыт-бағдар да ұсыну. Бұл жерден сонымен қатар, өз кәсібіңді дөңгелетіп әкетуге қажетті құжаттардың барлығын алуға болады, – дейді Б.Мұсаев.

Өскемен қаласының әкімі С.Тәукебаевтың айтуынша, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында үш жыл ішінде облыс орталығының кәсіпкерлерімен 3 млрд. теңгеден астам қаржы игеріліпті.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button