Облыс әкімі: іссапарТОП

Майқапшағай: Кедендегі жөндеу жұмыстарында қиындықтар бар

«Майқапшағай» кеден бекетін жаңғырту жұмыстары жүруде.

Жоспар бойынша «Майқапшағай» кеден бекетінің жөндеу жұмыстары 2024 жылы аяқталуы тиіс, деп хабарлайды Didar ақпарат.

«Майқапшағай» кеден бекетінің жөндеу жұмыстары шекараға дейінгі 6 жолақты жол, бір гектардан асатын көлік тұрағы, екі ел арасындағы сауда саттықты дамытатын арнайы орынды қамтиды. Қазір аталмыш жұмыстармен 62 жұмысшы айналысуда. Алайда мұнда керекті материалдардың дер кезінде жеткізілмеуі салдарынан жұмыс сәл кешеуілдеген.

– Қазір бұл жерге керекті құрылыс материалдарын жеткізу қиындық тудырып отыр. Қиыршық тастың өзін 200 шақырымға жуық жерден тасымалдап отырмыз. Оның үстіне кейбір керекті материалдарды Астана мен Алматыдан алдыртамыз. Олар осында бар болғанымен бағасы қымбат, -дейді QSM Engineering компаниясының бас инженері Айбек Қабдуллин.

Айта кетелік, аталмыш мәселенің шешімі жақын арада қарастырылмақ.

 

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button