Біле жүріңіз

Математиканы оңай түсіндіретін мобильді қосымша

IT

 

Photomath – теңдеулерді смартфон камерасы арқылы шешетін мобильді қосымша. Оны «камера-калькулятор» деп те атайды. Камераның алдына ұстасаңыз, қолмен жазылған есепті де оқып, шешіп береді.

Бұл қосымша арифметикадан бастап интегралды есептеулерге дейінгі әртүрлі деңгейдегі есептерді түсінуге, сонымен қатар іргелі математика ұғымдарын ұғынуға көмектеседі. Онда ұстаздар мен ата-аналарға арналған арнайы бөлімдер бар.

Қосымша тегін. Андроид пен айфонға жүктеп алуға болады. Оны таңбаларды оптикалық тануға мамандандырылған Microblink компаниясы жасаған. 2014 жылдың қазанында жалпақ жұртқа таныстырылған. Компания Хорватия астанасы Загребте орналасқан.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button