Массмедиа туралы заң жобасы Мәжіліске өтті
Парламенттің төменгі палатасы “Массмедиа туралы” заң жобасын қарауға қабылдады.
Аталмыш заң жобасы талқылау кезеңінде журналистік ортада теріс реакцияға тап болған еді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Мысалы, журналистік қоғамдастықта оңай аккредитациядан өтуді қамтамасыз етуге арналған пресс-карталар енгізу жоспары алаңдаушылық тудырды. Заң жобасында уәкілетті органға журналистерді пресс-картасынан айыру құқығын бекіту ұсынылған. Ал оны сарапшылар журналистерге көрсетілетін қысым ретінде қарастырып отыр. Сонымен қатар, журналистің “ерекше жағдайларда” жұмысы туралы екіұшты норма бар болған, ол іс-әрекеттер мен материалдарды лауазымды тұлғалармен келісу, яғни шын мәнінде цензураны көздейтіні айтылды.
Заң жобасында даулы нормалардың қайсы қалғаны әзірше белгісіз.