Маскасыз сыртқа шықпаңыз

ШҚО тұрғындары маска тағуды қойды. Күнделікті емханада жатқандар мен айыппұл төлеп жүргендер аймақ жұртшылығына сабақ болмаған сияқты. Бұлай деуімізге өңірдегі ереже бұзушылықтар дәлел.
9 ақпан күні Өскемендегі дүкендер мен қоғамдық көліктерде 21 ереже бұзу фактісі тіркелді. Сатушылар мен жолаушылар медициналық маска тақпаған. Маскалық режимді бұзуға қатысты тұрғындарға 393 795 теңге айыппұл салынды.
Ал Семейде маска тақпаудың 6 фактісі анықталды. Одан бөлек жалпы сомасы 1 896 050 теңге болатын 30 айыппұл салынған.
Алтай ауданында 2 тәртіп бұзушылық анықталып, масканы дұрыс тақпаған 1 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Глубокое ауданында жабық ғимаратта маска тақпаған А.В. Антонов есімді жеке тұлғаға 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Зайсандағы “Сәлем” сауда үйінде тұрғын маскалық режимді сақтамаған. Айыппұл – 15 АЕК.
Шемонайха ауданында қоғамдық орында маскасыз жүрген 2 адам анықталды. Сондай-ақ, А.А. Агапитов есімді тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың көлемі – 43 755 теңге.
Балауса Мэлсқызы