ТОП

Масканы шешуге әлі ерте

ШҚО-да карантиндік шектеу шаралары 18 қаңтарға дейін жалғасатын болды. Әзірге. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Х.Илюбаевтің 3 қаңтар күні шыққан №26-2 қаулысында маска тағудан бастап бұқаралық іс-шаралар өткізуге дейінгі барлық шектеу сол қалпында сақталатыны жазылған.

Аталған құжаттың көңілге медеу болатын бір тұсы – облыс аумағында жүретін автобустардың жолаушылар тасымалдауына рұқсат етілуі. Сол сияқты үшінші тоқсаннан бастап жоғары сыныптың оқушылары біртіндеп, санитарлық талаптарды сақтай отырып мектепке орала бастайды. Өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері де штаттық режимде білім алады.

Қаулының толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/documents/details/111158?lang=kk

Осы айдарда

Back to top button