Маска тақпағандарға айыппұл салынып жатыр

Үйден маскасыз шығып кетсеңіз, артық ақша да ала шығыңыз. Себебі айыппұл төлеп қалуыңыз әбден мүмкін.
26 сәуірде бақылау тобы Өскемендегі 164 нысанды аралады. Тексеріс кезінде 8 тұрғынның шектеу шараларын бұзғаны анықталды. Сондай-ақ маскасыз жүргендерге айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы соммасы – 700 080 теңге.
Семейде 378 нысанға тексеру жүргізілді. Оның ішінде “жылу картасына” кіретін 326 нысанға күнделікті мониторингпен қамтылады. Маска режимін бұзған 10 жағдайы анықталды. Толтырырылған хаттамалар жоқ. 87 510 теңгеге екі айыппұл салынды.
Риддерде 5 рет рейд жүргізіліп, мониторингтік топ 74 нысанды аралады. Рейдтік іс-шаралар барысында маскалық режимді сақтамаудың 2 жағдайы анықталды. Осыған дейінгі рейдтер бойынша қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 43 755 теңге сомасына 1 айыппұл салды.
Курчатов қаласында 30 нысанға тексеру жүргізілді, тексеру барысында шектеу шараларын бұзған 1 факті анықталды.
Шемонайха ауданында бақылау тобы 72 нысанды аралап, санитарлық талапты ескермеген тұрғынға айыппұл салды.
Алтай ауданының бақылау тобы да 141 нысанды тексеріп, 3 ережебұзушылық анықталды.
Мыңнан астам жерге жүргізілген рейд барысында санитарлық талапты сақатамағандар өз жазаларын алды. Ал аты аталмаған аудандарда ереже бұзғандар жоқ.
Балауса Мэлсқызы