Маска тақпағандар айыппұл төлеп жүр
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде, – демекші аурудан ем іздейтін емес, емханаға түспеудің амалын іздейтін кезеңдеміз. Қысқасы ауыратын уақыт жоқ. Дүниежүзін жайлаған індет жас, кәрі деместен жалмап жатыр. Өзгелер өмір үшін арпалысып жатқанда, біздің қарапайым талап сақтағымыз келмейді. Неге десеңіз, әй бірақ төмендегі статистикадан соң, неге деп сұрамайтын да секілдісіз.
18 ақпан күні Өскеменде шектеу режимін бұзуға қатысты 8 жағдай тіркелді. Ережеге бағынбаған тұрғындарға айыппұл салынды.
Ал Семейде маскалық режимді бұзудың 12 фактісі анықталды. 306 285 теңге болатын 7 хаттама толтырылды. Одан бөлек 350 040 теңгеге 8 айыппұл салынып отыр.
Риддерде маскасыз қызмет көрсету бойынша 1 ереже бұзушылық анықталған. Айыппұл – 43 755 теңге. Алтай ауданында 8 талап бұзу фактілері анықталды: Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентіндегі сауда нысандарында.
Глубокое ауданында маскалық режимді бұзу бойынша 1 жағдай тіркелді. Айыппұл – 43 755 теңге.
Didar ақпарат