Маска тақпаған тұрғындар айыппұл төлеп жатыр

Коронавирус инфекциясының таралуын тежеу үшін барлық санитарлық нормалар сақталуы тиіс. Сондықтан ШҚО-да санитарлық дәрігер бекіткен шектеу режимінің сақталуы күнделікті қадағаланады.
Облыс орталығында 6 ақпан күні азық-түліктік және азық-түліктік емес дүкендерде маскалық режимді бұзу бойынша 6 жағдай тіркелді.
Семей сауда үйлерінде, базарлар мен қоғамдық көліктерде маскалық режимнің сақталмауы бойынша 21 тәртіп бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, 525 060 теңге сомада 12 хаттама толтырылып, 393 795 теңге көлемінде 9 айыппұл салынды.
Риддерде келушілерге маскасыз қызмет көрсету бойынша 4 тәртіп бұзушылық тіркелді.
Глубокое ауданында В.Е. Гуляшев есімді тұрғынға маскасыз жүргені үшін 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Күршім ауданында маскалық режимді сақтамау фактілері тіркеліп, тәртіп бұзғандарға қатысты хаттамалар толтырылды.
Зайсан ауданында 1 ереже бұзу фактісі анықталды. Зайсан қаласындағы сауда үйінде 12 адамға арналған семинар ұйымдастырылып, санитарлық талаптар бұзылған. Айыппұл – 15 АЕК.
“Didar ақпарат”