Қоғам

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Облыс орталығы Өскеменнен Марқакөлдің жағасына дейінгі қашықтық шамамен 500 шақырымға жуық. Жолды жаман деп айтуға келмейді. Жеңіл көлікпен шыққан адам Самар тас жолымен, Ұлан, Көкпекті, Күршім аудандарын басып өтіп,бұрынғы Марқакөлдің аудан орталығы болған Теректіге барып бірақ тоқтайды. Арғы жағы Қытайдың шекарасы. Теректіден көлге дейін 70 шақырым асфальты жоқ таулы жол.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Жолда Бұқтырма су қоймасы бар. Марқакөлге Күршім арқылы барам деген жолаушы міндетті түрде үлкен судан паром арқылы өтеді.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)
Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Паромның арнайы бекітілген жүру кестесі бар. Сондықтан күршімдіктер жиі айтатын: «паромға үлгеру» немесе «соңғы паром» деген сөздер кешігіп қалмау дегенді білдіреді. Соңғы паромға ілінбеген жолаушының таңға дейін жағада қалудан басқа амалы жоқ. Ескерту: Жағалауда маса қалың!

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Бұл — соңғы паромға үміткер көліктер. Кемеге сыймау қалу қаупі де жоғары, қалай болғанда ереже бәріне бірдей — кезегің жеткенше, паром толғанша.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Темір тұлпарларды тиеп алған үлкен қайық орынынан қинала қозғалды. Ал жағада қалғандарды кемедегі бақытты жолаушылар жай ғана тамашалап тұр. 185 тонна салмақты көтеріп, 60 жеңіл көлікті сыйдыра алатын «Күршім» паромы осы.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Күршімнен ары қарай 190 шақырымдай қашықтықта орналасқан Теректі ауылының іргесі Қытайға тиіп тұр. Бұрынғы Марқакөл ауданының орталығы Алексеевка аталған. Қазір — Теректі.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Шекара жолағы тура ауылдың жанымен өтеді екен. Тордың арғы жағындағы құмдауыт төбе Қытайдың жері.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Тордың түбі толған мал.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)
Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Теректіден ары қарай көлдің жағалауына дейін әлі 70-80 шақырым жол бар. Алтай тауларының қияларын айналып өтетін Мәрмәр биігі де осы маңда.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Бұл жерлермен «УАЗ таблетка» сияқты жол талғамайтын көліктер қозғалады.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Мәрмәр биігіне өрлеген сайын айналаның барлығы алақандағыдай көріне бастайды. Көліктің жүргізушісі бұл өте қатерлі асу екендігін де айтып қалды.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)
Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Алдымыздан қарағай тиеген жүк көліктерінің бірнешеуі өтті.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Бұл жер — Алтайдың шыбынсыз жазы өтіп жатқан жұмағы — Ақжайлау.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)
Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Марқакөлді жағалай орналасқан Ұранқай ауылы. Шалғайда жатса да ұялы телефон ұстап тұр. Ауылда шатыр ауыстыру науқаны жүріп жатқан болуы керек, халықтың көбі сонымен әуре. Бұрын ағаш тақтайдан жасалған шатырлар жаппай түрлі-түсті қаңылтырларға ауысқанда ауылға ажар кіре бастайды екен.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Көшелерге жарық тартылған, шағын ауылда бірнеше дүкен бар. Алыс-жақыннан келетін туристердің есебінен ауылға көп-көрім нәпақа түсіп тұр. Сосын, бұл жердің аязы қыста -50 градусқа дейін жететіндіктен, үйлері шағын, тез жылытуға ыңғайлы болып келеді.

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Ауылдың маңына жасыл шөптен түкті кілем төселіп қойғандай тап-таза. Самырсынды саф ауаны айтсаңшы…

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)
Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Міне, Марқакөл!

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)
Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)
Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)
Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Марқакөлге бардың ба? (фоторепортаж)

Көлдің ұзындығы 38 км, ені 19 км және тереңдігі 27 м. Көлге 100-ге жуық шағын өзендер мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулар келбеті табиғатқа керемет көрініс береді.

Автор: Дарын Нұрсапаров

Суреттерді түсірген: Мерей Қайнарұлы

Altai.kz

Осы айдарда

Back to top button