Аймақтар аухалыБілімОблыс әкімі: іссапарТОП

Маңырақ ауылындағы мектептің жағдайы қандай?

Тарбағатай ауданына қарасты Маңырақ ауылындағы мектеп 50 жылдан бері көрделі жөндеуден өтпеген.

Аталмыш аудандағы мектеп тек биыл ғана мемлекеттік бюджеттен екі кезеңді көрделі жөндеуден өтуде, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев Маңырақ ауылындағы А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты. 50жылдай күрделі жөндеу көрмеген мектептің әбден тозығы жеткен мектептің жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы қолға алынған болатын. Қазір аталмыш ауылдағы мектептің Шатыры мен сыртқы қаптаулары ауыстырылуда. Жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңін 21 тамызға дейін аяқтау жоспарланған.

-Ауылдағы мектептегі күртелі жөндеу биыл қолға алынды. Бұған жалпы сомасы 365 миллион теңге қаражат бөлінген. Күрделі жөндеу екі жылға жоспарланғандықтан биыл 146 миллион теғгеге мектептің сырты мен шатыры, ал келер жылы қалған қаражатқа ішкі жұмыстар жасалады, -дейді Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Дауытбаева.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button