Облыс әкімі: іссапарСпортТОП

Маңырақ ауылында заманауи спорт кешені салынуда

Тарбағатай ауданының Маңырақ ауылында дене шынықтыру-сауықтыру орталығы бой көтеруде.

Аймақ басшысы аталмыш ауданға барған сапарында спорт кешенінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Ауыл жастарына арналған орталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Спорт кешенін Маңырақ ауылының тумасы, жеке кәсіпкер Бауыржан Қожахметов өз қаражатына салғызуда. Аталмыш орталықтың ені 16, ал ұзындығы 36 метр. Құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан мердігендің айтуынша мұнда спорттың бірнеше түрімен айналысуға мүмкіндік болады.

Аймақ басшысы жеке кәсіпкердің ізгі бастамасын патриотизм және Отанға деген сүйіспеншіліктің керемет үлгісі деп атап өтті.

Айта кетелік, спорт кешенінің жалпы сомасы шамамен 300 миллион теңгені құрайды.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button