Қоғам

Маңызды істі ширатуды тапсырды

Глубокое, Зайсан, Шемонайха аудандары мен Риддер қаласы қажет көмірдің жартысынан астамын жеткізіп үлгерді, қалған өңірлер де бұл істі ширатуы қажет. Аудан-қала әкімдерімен жылыту маусымына дайындық бойынша кезекті кеңес өткізген аймақ басшысы Даниал Ахметов осындай міндет жүктеді.

Инженерлік инфрақұрылым нысандарын жөндеу және көмір жеткізу жоспарға сай жүруде. Өңірдің қатты отынға қажеттілігі – 3 миллион тонна, жылу көздері үшін 320 мың тонна (оның ішінде Риддер жылу орталығы үшін де), халық үшін 216 мың тонна сатылып алынды. Жергілікті әкімдер барлық жөндеу жұмыстарын бақылауда ұстап отыр.

– Глубокое, Зайсан, Шемонайха аудандары, Риддер қаласы қажет отынның 50 пайыздан астамын тасып алды. Қалған аудандар бұл жұмысты ширатуы қажет. Сондай-ақ әкімдер тұрғындарға отынмен қазірден қамдана беру жөнінде түсіндіру керек. Өйткені қара күзде көмір кезегінде тұру қолайсыз, – деді облыс әкімі.

Шағын қазандықтар 60, жылу желілері 50, су желілері 85, денсаулық сақтау объектілері 80, әлеуметтік қорғау объектілері 92, білім беру объектілері 100 пайызға дайын. Көпқабатты үйлерді жылыту маусымына дайындау толық бақылауда.

Жауапты басшылар осы мәселе бойынша әр бейсенбі сайын есеп беріп отыр.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button