Сайлау-2022

Маңғыстаулықтармен кездесті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Маңғыстау облысында жалғасты.

Қ.Тоқаев жақтастары «Zhamal-ai LTD» киім фабрикасы ұжымына бизнесті қолдау шаралары туралы айтты.

– Президент сайлауы мемлекеттің даму бағытын айқындайды. 20 қарашада азаматтар сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасау арқылы саяси мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетуі маңызды, – деді РҚШ мүшесі, Азаматтық альянс президенті Бану Нұрғазиева.

Штаб мүшелері өңір жұртымен сайлауалды бағдарламадағы аймақтық көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бағыттарын талқылады. IT мамандармен кездесуде бағдарламаның цифрландыруға арналған бөліміне назар аударды. «ҚМГ Инжиниринг» алаңында мұнайшыларға сайлауалды бағдарламадағы қауіпсіз еңбек ортасын құру, жұмысшы құқығын қорғау шаралары туралы айтты.

Спорт өкілдерімен, «Көкмойнақ» командасы шабандоздарымен жүздесуде кандидаттың спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау басымдықтары талқыланды.

Осы айдарда

Back to top button