Қоғам

Маманданған сарбаздармен толықты

Азамат Темірбеков

Аягөз гарнизонындағы танк әскери бөлімінің қатары арнайы даярлықтан өткен сарбаздармен толықты.

Гарнизонның баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери бөлімнің қатары Отар гарнизонында алты ай арнайы даярлықтан өткен 90-нан астам мамандандырылған мерзімді қызметтегі сарбазбен толыққан екен.

– «Оңтүстік» әскерлерінің қолбасшылығына қарасты Отар гарнизонындағы кіші мамандарды даярлау оқу-жаттығу орталығынан жарты жыл бойы арнайы әскери ұрыс машиналарының нысанашы мамандығы бойынша білім алып, кәсіби дайындықтан өткен сарбаздар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизонының танк әскери бөліміне жеткізілді. Сарбаздар қатарында танк, жаяу әскер машинасы, жеңіл брондалған көпмақсатты транспортер-тартқыш нысанашылары да бар, делінген хабарламада.

Арнайы дайындықтан өткен сарбаздар жауынгерлік ұрыс машиналарындағы лауазымдарға тағайындалып, үй-жайларға орналастырылған. Қазіргі таңда сарбаздар жаңа әскери бөлімге бейімделу кезеңінен өтуде, сонымен қатар бөлімнің тәрбиеші офицерлері мен психологтары  жұмыс жүргізуде.

Осы айдарда

Back to top button