Қоғам

Маман тапшылығына мән берді

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Ақтөбе, Павлодар облыстарында кездесу өткізді. Жұртшылыққа сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжінде өткен басқосуда қат мамандықтар туралы сөз қозғалды.

– Қазір колледждерде механизаторлар дайындалып жатыр. Егер бағдарламам жүзеге асса олар жоғары мәртебеге ие болатынына сенімдімін, – деді Жигули Дайрабаев.

Қарғалы ауданында көкөніс қоймасының жұмысымен танысты.

– Тауар өндірушіде сақтау, сату мәселесі болмауы үшін мұндай нысан әр ауданда болуы керек, – деген кандидат шаруашылықтарға барып, аудан тұрғындарымен кездесті.

Хромтау ауданында «АКМЭЗ» ЖШС май зауытына барып, саланы дамыту үшін қолға алынуы тиіс бастамаларға тоқталды. Ол зауыттар өндірісті арттырып, экспорттық дақылдарды отырғызу қажеттігін айтты.

Үміткер Аршалы ауданы, Анар ауылында сайлаушылармен кездесті, «Аян» ЖШС жұмысымен танысты.

Бұдан кейін Павлодар облысы Екібастұз қаласының базарында болып, сатушылар мен тұтынушылардың пікірін тыңдады.

Осы айдарда

Back to top button