Қоғам
Мал етін далаға лақтырған

Ұлан ауданы, Бозанбай ауылының 45 жастағы тұрғыны малын сойып, етін далаға лақтырған. Өйткені етін сатып өткізе алмапты мыс. Сорақы көріністі куәгерлер Мамай батыр-Бозанбай тас жолының 4 шақырымында көрдік дейді.
– Мал етін далаға лақтырған тұрғын ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ материал «Ветеринарлық заңнаманы бұзғаны үшін» ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аудандық аумақтық ветеринариялық инспекцияға жіберілді,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев
Балауса МЭЛС
сурет: ашық дереккөздерден