Қоғам

Мал басын арттыруға құлшыныс бар

Тарбағатай ауылдық округінде мал өсіруге деген құлшыныс байқалады. Мәселен, өткен жылы 14 шаруа қожалығы «Ангус» асыл тұқымды ірі қара малын алған болатын.

Биыл да 48 млн. теңгеге 100 бас құнажын алынып отыр. Бұдан өзге, «Мұғалжар» тұқымды жылқы мен «Байыс» тұқымды қойын алып жатқан қожалықтар мен жеке шаруалар бар. Ауылда биыл өз шаруасы дөңгелеткісі келетін азаматтарға мемлекет тарапынан жеңілдіктермен қаржылай көмектер берілуде. Шалғайда жатқан ірі елді мекенде ауыз толтырып айтар істер баршылық. Мәселен, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 2 млн. 275 мың теңге бөлініп, оған ауыл көшелері жарықтандырылуда.

Жалпы, өткен жылға аудан бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы 347 млн. теңге несие алуға жоспар-тапсырма берілген. Қазір 111 адам барлығы 422 млн. 100 мың теңге несие алды. Жоспар-тапсырманың орындалуы 121,6 пайызға жетіп, облыс аудандары арасында 1-орынға шықты.

Берікхан Тайжігіт

 

Осы айдарда

Back to top button