Қоғам

Мал азығын сақтау қауіпсіздігі тексерілді

Азамат Темірбеков

Бесқарағайлық құтқарушылар аудандағы шаруа қожалықтарын аралап, мал азығына арналған шөп маяларының қауіпсіздігі жайын тексерді.

Осы бағытта профилактикалық жұмыстар жүргізген Бесқарағай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен бірлескен шаралар қабылдады. Малдың қысқы азығын қызыл жалыннан сақтау жолдарын үйреткен олар, шөп маяларының электр желілерінен кем дегенде 15 метр қашықтықта сақтау қажеттігін ескертті.

– Сондай-ақ, мал азығы жол жиегінен 20, ғимараттардан 50 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Оған қоса, маялардың маңындағы жер төрт метрге дейінгі жалпақтықта жыртылуы қажет. Екі шөп маясының арасы 20 метр қашық болуы керек. Сонымен қатар, шөп маясы 300 шаршы метр аумаққа, ал пресстелген сабан 500 шаршы метр аумаққа жиналуы керек, – делінген төтенше бөлім қызметінің хабарламасында.

Осы айдарда

Back to top button