Руханият

 Ұлы дала сазы

Биыл тілі мен ділі бір түркі халықтарының  V аймақтық музыкалық фестивалі пандемия жағдайына байланысты онлайн форматта өткізілді. Бұл шарадан қалыс қалмаған Глубокое аудандық орталық кітапханасы «Ұлы дала сазы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, түркі халықтарының ежелгі тарихынан сыр шертетін 30-ға жуық кітапты көпшіліктің назарына ұсынды.

Жыл сайын Глубокое ауданында дәстүрлі «Ұлы дала сазы» атты түркі халықтарының аймақтық фестивалі ұйымдастырылып келеді. Бұл – атадан балаға мұра болған түркі тілдес халықтардың мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, діни-танымын, мақал-мәтелдерін, дәстүрлі ән-жырларын, терме мен күйлерін одан әрі дамытып, өскелең ұрпаққа жеткізуге бағытталған шара.

Фестивальға орай аудандық орталық кітапхана «Ұлы дала сазы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге түркі халықтарынан шыққан  би-шешендердің, қол бастаған батырлар мен ақын-жазушылардың, түркі әлеміндегі ірі тұлғалардың жазбаларымен қатар, руханиятты қалыптастырушы тұлғалардың 30-ға жуық кітаптары қойылды. Келушілер тарихи мәні бар мәдени мұралар мен ұлттық құндылықтарды, Көроғлы, Едіге, Алпамыс туралы дастандарды, Ұлы даланың тарихының этномәдени ескерткіштерін, түркі халықтарының ежелгі жәдігерлерін көріп танысты.

Дәулет Бақытбекұлы

Глубокое ауданы.

Осы айдарда

Back to top button