Қоғам

Ұлтаралық келісімнің үлгісі

Бүгінгі таңда Қазақстан әлемге ұлтаралық келісімнің бірегей үлгісі ретінде белгілі. Мен әлемнің көптеген өңірлерін, соның ішінде көршілес өңірлерді тұрақсыздық, ертеңгі күнге деген сенімсіздік жаулаған бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ойымен толық келісемін.

Әлемнің бірқатар мемлекеттерінде діни және этносаралық сипаттағы проблемалардың  шиеленісуін байқаймыз. Мұндай жағдайда Қазақстанда орнаған бейбітшілік пен тыныштықты одан әрі бағалай бастайсың.

Тұңғыш Президент, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың стратегиясы мен саясаты жыл сайын өмірдің кез келген қиындықтары мен сын-қатерлерін еңсеруге мүмкіндік беретін «Бірлік», «Құрмет», «Тұрақтылық» сөздерінің мәні мен құндылығын зерделеуге мүмкіндік береді.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдары, қызметкерлері мен еріктілері Арыстағы оқиғадан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетті, су тасқынынан зардап шеккен Аягөз қаласының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинауды ұйымдастырды, пандемия кезінде жоғары оқу орнының ардагерлері мен көмекке мұқтаж студенттерге қолдау көрсете отырып, үлкен жұмыс атқарды.

Осылайша, барша қазақстандықтар өз проблемаларымен ешкім жалғыз қалмайтынын, егер олар туындаса, әрқашан оларға көмек келетінін біледі.  Азаматтарымыздың әрқайсысының артында қуатты әрі жауапты мемлекет тұр.

Назым Аманжолова,

С.Аманжолов  атындағы ШҚУ Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы

Осы айдарда

Back to top button