Литва елімен серіктестік талқыланды

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Литваның төтенше және өкілетті елшісі Гинтаутас Васюлиспен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың бағыттарын талқылады.
Елші «ҮМЗ» және «Казцинк» зауыттарында болып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін, сондай-ақ Шығыстың табиғатын жоғары бағалады.
– Біздердің түрлі салалардағы ынтымақтастық үшін үлкен әлеуетіміз бар, бұлар – бірінші кезекте агросектор, көлік инфрақұрылымы және жаңартылатын энергия. Сонымен қатар ағаш өңдеу, химия өнеркәсібі және экономиканың басқа салаларындағы серіктестік қарастырылды, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы сондай-ақ біздің акушер-гинекологтар Литва клиникаларында өз біліктіліктерін арттырғанын да атап өтті.
– Алдағы ынтымақтастық жемісті болып, екі елдің экономикасын дамытуға үлес қосарына сенімдімін, – деді Даниал Ахметов.
Ержан Әбіш