Қоғам

Әлеуеті жоғары ауылдар саны артыпты

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының деректері бойынша, биылғы жыл басында өңіріміздегі ауылдық елді мекен тұрғындарының саны 598336 адам болып, олар 785 елді мекенде қоныстанып отыр.

Әлеуеті жоғары ауылдар саны артыптыОсы елді мекендердің 36-сы даму әлеуеті жоғары, ал 680-і орташа деңгейде деп саналады. Оған қоса тағы 62 ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму потенциалы төмен деп танылған. Жеті ауылда мүлде халық қалмағандықтан, олар елді мекендер есебінен шығарылмақ.

– Ауылдық аумақтарды дамыту туралы 2004 – 2010 жылдарға арнал-ған мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың арқасында облысымыздағы әлеуеті жоғары ауылдар қатары 2-3 есе артып, орташа деңгейдегі елді мекендер қатары 24 пайызға азайды, – дейді осы орайда облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бөлім бастығы Мәрия Жұмақанова.

Даму әлеуеті төмен, әлеуеті шамалы ауылдарды алдағы уақытта не-ғұрлым мүмкіндігі мол, болашағы зор елді мекендерге көшіру жоспарлану-да.

Еркінбек Асқарұлы

Осы айдарда

Back to top button