Лесхоз кентіндегі өрт ауыздықталды

Алтай жұртын уайымға салған өрт ауыздықталды. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі Лесхоз кентіндегі өрттің толықтай ауыздықталғанын мәлімдеді.
Кешелі бері Шығыс өңіріндегі әр тұрғынның көңілі байыз таппады. Орманы өртеніп, жерлесі көз жұмып, қаншама тұрғын үй-күйсіз қалды. Абырой болғанда Нұр – Сұлтан және Павлодар қалаларынан Ми-9 тікұшақтары көмекке келген. Күні-түні аянбай еңбек еткен құтқарушылар тобы өртті ауыздықтады.
Қызыл жалынды ауыздықтауға ШҚО ІІБ жеке құрамынан 136 адам, жергілікті орманшылар – 161, жергілікті атқарушы органдардың 29 өкілі және басқалар қатысты. Екі тікұшақ, 60-қа жуық техника (су тасығыштар, бульдозерлер, уаздар, грейдерлер) пайдаланылады.
Сонымен қатар ШҚО ПД күшімен құрамында 120 адам, 8 патрульдік экипаж өрт болған жерде тонау фактілерін болдырмау мақсатында бос тұрған тұрған үйлердің жанында күзет және кезекшілік ұйымдастырған.
Кейінгі ақпарат бойынша, Риддерде 35 үй, 9 шаруашылық нысандары өртенді.
Балауса Мэлсқызы