Қоғам

Бұл мереке Семейге тың серпін берді

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ бастамасымен ұйымдастырылған қазақ футболының 100 жылдық мерекесі Семей қаласында жоғары деңгейде өткені белгілі. Бұл мереке семейліктерге де, қалаға да тың серпін берді. Мерейтойға алыс-жақыннан келіп қатысқан қонақтар ризашылығын төмендегі лебіздерінен де аңғаруға болады.

Хорст ХРУБЕШ, Германия жастар құрамасының жаттықтырушысы, Еуропа чемпионы:

– ¬Семей жеріндегі қазақ футболының тойы – әлем футболының тарихындағы айтулы оқиға. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясы футбол мерекесін жоғары деңгейде өткізді. Маған әсіресе, «Спартак» стадионындағы көшпенділер өмірінен көрініс іспетті тұлпар мінген жігіттердің өнері ұнады. Бұл мерекені өткізуге жастардың көп қатысқанын көріп қуандым. Яғни, жастар футболды жақсы көреді. Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ шетелдік меймандарға, спортшыларға ерекше ілтипат танытты. Аймақ басшысының спортты қолдауы, жанкүйер болуы – өңір спортын дамытуға да септігін тигізеді деп ойлаймын. Өңірлеріңізде футболдың дамуына қажетті үйлесімділік байқалады.

Олег РОМАНЦЕВ, КСРО футболының ардагері:

– Біз Семей қаласында өткен қазақ футболының 100 жылдық мерекесіне шақыру алғанда, қуана келістік. Өйткені, мұнда негізінен бір кездегі кеңестік футбол жұлдыздары жиналатыны туралы естідік. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш еді. Семей – қазақтың ұлы перзенттері Абай мен Шәкерімді дүниеге әкелген қасиетті өлке екенін тарихы тамырлас халық ретінде біз жақсы білеміз. Ал бұл өлкенің қазақстандық футболдың отаны екенін білгенде, таңданысымызды жасыра алмадық. Сондықтан жақсылықтың қарымтасы ретінде Семейдің біздің клубымызбен аттас «Спартак» командасын өзімізге қонаққа шақырып отырмыз. Әріптесім Владимир Букиевский бұл туралы баспасөз мәслихатында айтты. Мұндай басқосулар әрдайым керек. Футболда үлкен тарих, мемлекет тарихы да бар. Оны ардагерлер айта алады. Жастарды баулитын да кешегі буын өкілдері. Сондықтан футбол ардагерлері осы басқосуды ұйымдастырған Шығыс Қазақстан облысының басшысы Бердібек САПАРБАЕВҚА ризашылық білдіреміз.

100 жыл – футбол үшін аз уақыт емес. Ресей Федерациясы да жуырда осы атаулы күнді мерекеледі. Шығыс Қазақстан облысының қазақ футболының ғасырлық тойындағы ең басты тартуы – 100 футбол алаңы дер едім. Бұл – ауылдық жерлердегі елдімекендердің балалары үшін үлкен сый. Ертең бұл алаңдарға қазақтың келешек футбол жұлдыздары шыққанда олар осы еселі еңбекті еске алатын болады.
Бұл мереке Семейге тың серпін берді
Сейілдә БАЙШАҚОВ, Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті, отандық футбол ардагері:

– Семей жерінде аталып өткен қазақ футболының 100 жылдығы жан-жақты оқиғаларымен есте қалды. Менің бір байқағаным, қала ерекше жайнап тұрды, ал семейліктердің қуанышында шек болмады. Осы мерекені ұйымдастырған, қазақ футболының тарихын әлемге әйгілеген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ еңбегі ұшан-теңіз. Шет елдерден, еліміздің түкпір-түкпірінен келген футболшылар Шәкерім, Абай ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, ұлы бабалар аруағына тағзым етті. Владимир Лазинский, Реваз Дзодзуашвили, Олег Романцев, Андрей Биба, Юсуп Мұсаев сынды кешегі КСРО стадиондарын дүбірге бөлеген атақты әріптестерімізбен шүйіркелесіп, хал-жағдайларын білдік.
Қазақтың қарадомалақ балаларының бір-бір допты құшақтап, футбол жұлдыздарынан қолтаңба алып жүруінің өзі тәлімді іс емес пе?! лепной декор Олар футболшының үздік нәтижеге қол жеткізсе, атақты да бақуатты болатынын біледі. Таланттарын ұштаса өздерінің де қол жеткізетінін бағамдайды. Спорт осылай еліктеуден, қиялдаудан да дамиды. Баланың ұшқыр қиялына ештеңе жетпейді. Самат Смақовтың Семейдегі футбол мектебінің бір топ тәлімгерлерімен кездесуде бұған көзіміз жетті. Футболдың 100 жылдығы құрметіне қалада көше атауы да берілді. Ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Спартак» стадионының күрделі жөндеуден өткенін байқадық. Ашылу салтанатының өзі есте қаларлықтай ұйымдастырылған.

Әзірлеген – Думан Анаш

 

Осы айдарда

Back to top button