Қоғам

Әлемнің үш дүркін чемпионы өз қаржысына хоккей алаңын ашып берді

Әлемнің үш дүркін чемпионы өз қаржысына хоккей алаңын ашып берді

Қол күресінен әлемнің үш дүркін, Азияның тоғыз дүркін чемпионы, жерлесіміз Мұхаметолла Ағзамов шағын ауыл Тана Мырза мектебіне шағын хоккей қорабын сыйға тартты.
Мұндай жомарттықты шалғайда жатқан Тана Мырзаға жасауы белгілі спортшының алғашқы және соңғысы емес. Қысқы спорттың осы түрінен ауыл баласы кенжелеп келе жатқан болатын. Спортшының осы мәрттігіне оқушылар ғана емес, шағын ауылдың тұрғындары да дән ризашылықтарын білдірді. Өйткені, ауылдағы балалар ендігі жерде өзендегі мұзда емес, кәдімгі мұз айдында ойнайтын болды.
Сонымен қатар, Әлем чемпионы келер оқу жылында оқушыларға конький мен арнайы киімдер сыйға тартуға уәде етті.

Қадырбек Кәкімұлы

Осы айдарда

Back to top button