Әлемдік деңгейге шығарады
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде «Nationalbookdating» акциясы өтті. Облыстық білім басқармасы мен Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің ұйытқы болуымен өткен акция «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде жарық көріп, тұсауы кесілген 18 оқулықты насихаттауға арналды. Шараға Өскемендегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен оқытушылары қатысты.
Таяуда ғана «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған алғашқы 18 кітаптың Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен тұсауы кесілгені белгілі. Әлемдік деңгейдегі классикалық оқулықтардың ана тілімізге аударылуы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асып отыр. Әрине, бұл – еліміздің білім беру саласы үшін үлкен жаңалық екені сөзсіз. Мұны өз сөзінде Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің директоры Фархад Құрманов та ерекше атап айтты.
– Бүгінгі акцияның мақсаты – қазақ тіліне аударылған әлемдік деңгейдегі оқулықтармен халықты таныстыру. Өздеріңіз білесіздер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алып жатқан студенттердің дені негізінен техникалық мамандықтардың иесі болып шығады. Сонымен қатар медицина, білім беру, экономика салалары үшін де мамандар даярлап жатырмыз. Алайда осы әлемдік деңгейдегі оқулықтардың қазақ тіліне аударылып, жарық көруі – біз үшін өте қуанышты жағдай. Неге десеңіз, біздің колледждерде білім алып жатқан студенттеріміз үлкен өмірге аяқ басқан кезде, олар әлеуметтік, философиялық, саяси тұрғыдан өз көзқарастарын жеткізе білетін, жұмыста пайдаланып, өзінің техникалық қабілетін гуманитарлық бағытпен ұштастыра білетін қоғамның азаматтары болып шығады. Осы орайда әлемдік деңгейдегі оқулықтардың жастарға берері мол деп есептеймін, – деді өз сөзінде облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қажымұқан Оспанғалиев.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген оқулықтардың маңызы туралы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары да өз ойларын ортаға салды.
– Осыған дейін мен «біздің елімізде рухани тоқырау» дегенді жиі айтушы едім. Олай деуімнің өзіндік себебі де бар болатын. Менің сабақ беріп жүрген пәндерім көбіне саясаттану, әлеуметтану, дінтану, философия саласымен тікелей байланысты. Мысалы, жоғары оқу орындарында «Формальды логика» деген пән бар. Ал осы пәнді оқу барысында сіз қазақ тіліндегі бірде-бір оқулықты таппайсыз. Студенттерге өте қиын. Ал енді «Жаңа гуманитарлық білім.
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы сол олқылықтың орнын толтырып отыр. «Рухани жаңғыру» деген осы, – дейді С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Бейбітгүл Шүршітбай.
Жоба аясында тұсауы кесілген алғашқы 18 оқулық негізінен философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, антропология мен дінтану, журналистика,
экономика мен кәсіпкерлік салаларын қамтиды. Бұëардың барлығы – әëåìí³ң 42 åë³íäå, 34 ò³ëäå áàñûëûï, æàëïû òàðàëûìû 47 ìèëëèîííàí àñқàí кітаптар.
– Бүгінгі жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосыламыз десек, жастарымыз елдің болашағы үшін ең дамыған алдыңғы қатарлы елдердің 100 жаңа оқулығымен танысып, қазақ тілінде соны барынша игеріп, өзге елдердің жастарымен қоян-қолтық араласып, ғылыммен, біліммен жарысқа түсуі қажет, – деп санайды аталған университеттің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Айымгүл Сейпутанова.
Ал Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің қазақ тілі пәні оқытушысы, филология магистрі Г.Макетаева жоба аясында жарық көрген «Тіл біліміне кіріспе» оқулығы жайында студенттерге әңгімелеп берді. Америка тілшілері қоғамының президенті Виктория Фромкин бастаған ғалымдар тобының бұл кітабы болашақ филолог мамандарға, шет тілі филологиясында оқитындарға, жалпы, оқырман қауымға лингвистика ғылымы жөнінде алғашқы мағлұмат беруді көздейді.
Әлемдік үлгідегі оқулықтар үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін еліміздегі жоғары оқу орындарына тегін таратылады деп күтілуде.
Мейрамтай Иманғали