Қоғам

Әлемдік деңгейдегі кемел ой иесі

Құрметті шығысқазақстандықтар! Қадірменді жерлестер!

Үкімет қаулысымен 10 тамыз – «Абай күн» деп аталып, еліміздің мерекелер күнтізбесіне енгізілуі халқымызға, оның ішінде, әсіресе хәкімнің кіндік қаны тамған Шығыс жұртына ерекше қуаныш сыйлады. Әлемдік деңгейдегі кемел ой, кестелі сөз иесінің туған күнін ел болып атап өту ең бірінші кезекте Абай Құнанбайұлына деген жоғары құрметіміз әрі ақын рухына жасаған тағзым деп білеміз. Ұлтын жарқын болашаққа жетелеген, тастүнекте шамшырақтай жарқыраған ұлы бабамыздың биылғы мерейтойы өткенді таразыға салып, болашақты бағдарлайтын, елдігімізді нықтап, береке-бірлігімізді бекіте түсетін үлкен бір белес болатыны анық. Осы орайда Абай күнінің тарихтан ойып орын алуы айтулы күннің аясындағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл күнді мерекелеу арқылы біз рухани жаңғырып, жас ұрпақтың өнер-білімге құштарлығын арттыруға серпін береміз.

Қымбатты ағайы, Абай күні мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, деніміз сау болсын. Әр шаңыраққа мол бақыт, сарқылмас дәулет, құт-береке тілеймін.

Құрметпен, Даниал Ахметов,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Осы айдарда

Back to top button