Қоғам

Әлем чемпионы Семейге келеді

Әлем чемпионы Семейге келедіБұған дейін ақпарат құралдарында, оның ішінде біздің газетте де Қазақ футболының ғасыр тойына әлемдік деңгейдегі спортшылар қонаққа шақырылып отырғанын жазғанбыз.

Солардың бірі – Италия құрамасы сапында футболдан әлем чемпионы атағын жеңіп алған Фабио Каннаваро қыркүйектің 20-22 күндері Семейде өтетін мерейтойға мәртебелі мейман ретінде қатысуға дайын екенін хабарлапты.

Естеріңізге сала кетейік, Каннаваро 2006 жылғы әлем чемпионатындағы жеңістен басқа, 2000 жылы Италия құрамасымен Еуропа біріншілігінің күміс жүлдесін иеленген. Ол – итальяндық «Наполи», «Парма», «Интер» және «Ювентус», сондай-ақ, испандық «Реал» клубтарының сапында жоғары деңгейде өнер көрсеткен ойыншы.

2006 жылы Каннаваро Әлемнің үздік ойыншысы атағымен қоса «Алтын доп» иегері атанған. 2011 жылы тізесінен жарақат алуына байланысты жасыл алаңда өнер көрсетуін тоқтатқан.

Сондай-ақ, біздің тойға З.Зидан, Д.Бэкхэм секілді әлем футболының жарық жұлдыздары шақырылған-ды. Әзірге олардың нақты келетіні белгісі болып тұр, келіссөздер әлі де жүргізілуде.

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button