Қоғам
Әлем біріншілігінің күмісін иеленді
Польшаның Быдгощ қаласында өткен еркін күрестен Әлем біріншілігінде семейлік Азамат Дәулетбеков күміс жүлдені қанжығасына байлады.
Жасы 23-ке дейінгі балуандар арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған әлемдік додада жерлесіміз 86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Жарыс барысында Азамат Қытай елінің өкілі Зушен Линді 10:0 есебімен, әзірбайжандық балуан Гаджымурат Магомедсаидовты 6:2 есебімен, грузин мықтысы Ираклий Мцитуриді 7:1 есебімен және Куба чемпионы Лазаро Эрнандесті 9:4 есебімен тізе бүктірген болатын.
Алайда ақтық сында жерлесіміз ресейлік Алихан Жабраиловқа 7:8 есебімен жол берді.
Айта кетейік, Польшадғы додаға еліміздің атынан барлығы 16 балуан қатысқан-ды.
Нұржан Кенжеұлы