Қоғам

Ұландық оқушылар ЭКСПО-да жүр

Ұландық оқушылар ЭКСПО-да жүр


ЭКСПО халықаралық көрмесін Ұлан ауданының тұрғындары мен оқушылары аралап көруде. Үстіміздегі жылдың 26 маусымынан бастап аудан әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің арнайы кестесі жасалды. Мектеп оқушыларының көрмені тамашалауға деген ынтасы қуантарлық. Бүгінге дейін көрмені 700-ден астам бала тамашалап үлгерді.

-Аудан бойынша Астанадағы халықаралық көрмені үш мыңға жуық адам тамашаламақ. Жақында ғана Мамай батыр ауылы мен Сағыр орта мектебінің 104 оқушысы мен ұстаздары көрмені тамашалап қайтты. Олар тек Қазақстанның ғана емес, басқа да мемлекеттердің көрмесін тамашалаған кезде, еліміздің тәуелсіздік алған ширек ғасыр уақытта керемет жетістіктерге жеткеніне куә болды. Ерекше әсер алған оқушылар көрген-білгендерін жерлестерімен бөлісуде. Аудан әкімі Дәулет Батырбаев оқушылардың барып-келуіне ерекше қамқорлық жасады, олардың жолына, жататын орнына қаржылай көмек көрсетті. Әрине, ата-аналар да балаларына қолғабыс жасады,-дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Қуат Оқасов.

-Арқаның төріндегі Астана бізге ерекше ұнады.Әсіресе, қаланың сол жағалауы адам танымастай өзгеріп кеткен. Балалармен бірге Бәйтерекке шықтық, ЭКСПО-ның бірнеше павильондарын араладық. Астанаға барған 30 оқушы, 22 ұстаздың алған әсерлері керемет, шілденің соңына дейін ауданның бірнеше мектеп оқушылары ЭКСПО-ны тамашаламақ,-дейді Мамай батыр ауылындағы орта мектептің директоры Марат Чемпаев.

Оңдасын Елубай

Осы айдарда

Back to top button