Қоғам

Лаңкестікпен күрестің жаңа түрін қолға алды

Лаңкестікпен күрестің жаңа түрін қолға алды

Лаңкестікпен күрестің жаңа түрін қолға алды

Израиль билігі лаңкестікпен күрестің жаңа түрін ойлап тапты. Елдің қауіпсіздігін ойлаған мемлекет басындағылар бұл мәселені жұмыс орындарын ашу арқылы шешпек.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін израильдіктер лаңкестердің үйлерін қиратып келген. Алайда, бұл әрекет өте тиімсіз болып шықты. Сол себепті тығырықтан шығатын тың жол қарастырды. Мәселен, бұрын 58 мың палестиналық жұмыс істеу құқына ие болса, енді ол тізім 88 мыңға дейін жеткізіледі. Мұндай игі бастаманың нәтижесінде кейінгі жылдары лаңкестік шабуылдар аталған елде күрт азайған.
– Жұмысы жоқ, болашағы бұлыңғыр жастардан не күтуге болады? Біз еңбек етіп, отбасымызды асырауымыз керек. Мен Палестинаның болашағы үшін күресуге әзірмін. Тек бейбіт түрде ғана. Израиль лаңкестікпен күрес жолында осыған дейін көптеген амалдарға барды. Алайда, сарапшылардың айтуынша, ең тиімдісі келіссөз екендігіне көз жеткізді, – дейді Иерусалим тұрғыны Иссам Батат.

Шағын бизнес шатқаяқтап тұр

Грузияда алпауыт компаниялармен бәсекеге түсе алмай, тұралаған шағын бизнес саласы құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұр. Ел билігі оларға көмек көрсетуге тырысқанмен нәтижесі мардымсыз.
Грузияда шағын бизнес өкілдерінің шаруасы тығырыққа тірелді. Бұдан басқа, елге шетелдік инвестиция тарту үдерісі де бәсеңдеп қалған. Мұндай қиын жағдайға ұлттық валюта ларидің құнсыздануы себеп болып отыр.
– Қазір бизнес жүргізу оңай емес. Жергілікті өнімге негізделген нарық пен экспортқа иек артатын кәсіпорындардың шекесі шылқып тұрғаны шамалы. Үкімет оларға қолдан келгенше көмекті көрсетуде. Бірақ нәтиже жоқ, – дейді экономикалық сарапшы Гиги Бединейшвили.
Сарапшылардың есебінше, бүгінде шағын кәсіпорындардың 90 пайызы жұмыс істемейді. Елдегі тауарлардың бағасы былтыр бес пайызға көтерілді. Ал биылғы қаңтарда жылдық инфляция деңгейі 5,6 пайызға артқан.

Әзірбайжан шығынды азайтуға көшті

Мұнай бағасының құлдырауы Әзірбайжан еліндегі инфрақұрылымдық жобаларға кесірін тигізуде. Биыл өтетін «Формула-1» жарысына жоспарланған бюджет ақшасы да едәуір азайған.
Мемлекет табысының 75 пайызы қара алтынның экспортына тәуелді Әзірбайжан үшін қара алтын құнының құлдырауы ауыр соққы болғаны сөзсіз. Мұнда өткен жылы валюта қоры 65 пайызға азайған. Ал жалпы ішкі өнім болжанған көрсеткіштен әлдеқайда төмен болып шықты.
– Әзірбайжан экономикасының 80 пайызы жеке секторға тиесілі. Бұл – соңғы жылдарда атқарылған жұмыстың жемісі. Бүгінгі қиын жағдайда бизнесті кеңейтіп, кәсіпкерлерге жағдай жасау мен өндіріс көлемін арттыру үшін қосымша шаралар қабылдануы тиіс. Сәйкесінше, ведомстволарға осындай тапсырма да берілді, – дейді Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев

Шығыс-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button