Қоғам

Күзет қызметі ардагерлерін ардақтап келеді

Күзет қызметі ардагерлерін ардақтап келеді


Ішкі істер министрлігіне қарасты Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының100-ден аса ардагері бар. Оның ішінде жетпіс жастан асқан қарт ардагерлер саны – 22.

Қарттар күніне орай облыстықардагерлер кеңесінің қолдауымен басқарма тарапынан жетпістен асқан қарттарға ақшалай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, бір топ ардагербасқармаға шақырылып, оларға арнайы мерекелік концерт қойылды, дастархан жайылды.

–Ардақты ардагерлерге сый-құрмет көрсетуіміз – парыз. Олар да өз кезегінде біздегі қоғамдық шаралардан тыс қалмай, қазіргі жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, ақыл-тәжірибелерімен бөлісіп тұрады, – дейді басқарма бастығы, полиция подполковнигі Болат Қабыкенов.

Бүкіл саналы ғұмырын осы қызметке арнаған өскемендік Аманбек ақсақал – жұбайы Мәсура Қожахметқызымен бірге төрт бала тәрбиелеп өсірген жан. Олар қазір алты немере, үш шөбере сүйіп отыр. Ұлдары Серік пен Нұржан әке жолын қуып, құқық қорғау органдарында қызмет етуде.

– Біздерді ұмытпай, елеп-ескеріп, Қарттар күнінде басқарма бастығының өзі үйімізге келіп, арнайы құттықтағаны үшін үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Елде тәртіп пен заңдылық болмаса, ешқандай даму да болмайды. Сондықтан жастардың қазіргі ауыр қызметіне тек қана табыс, өздеріне шыдамдылық пен зор денсаулық тілеймін! – дейді құқық қорғау органдарының ардагері Аманбек Сағымбаев.

Күзет қызметі аса маңызды және стратегиялық нысандарды күзетумен ғана шектелмейді, ішкі істер органдарымен бірлесе, көшелерде және қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау, қылмыстарды ашуға да атсалысады. Қазіргі кездебасқарманыңжеке құрамындамыңнан астамқызметкер бар.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button