Қоғам

Көзі нашар көретіндерге робот көмектеспек

Көзі нашар көретіндерге робот көмектеспек

Семейдегі жетінші сынып оқушысы Виктор Хегай көзі нашар көретін жандарға арналған көмекші -робот жасап шығарды.
Ультрадыбысты сенсорлық жүйемен жұмыс істейтін кішкентай құрылғы жүріп келе жатқан адамға дыбыстық белгі беру арқылы оны кедергілерден алдын ала сақтандырып отырады. Робот-көмекші жоғарыдағы, төмендегі кедргілердің бәрін анықтай алады. Жас өнертапқыштың жаңа құрылғысын қаладағы көзі нашар көретін балалар оқитын интернаттың тәрбиеленушілері қолданып көріп, көңілдерінен шыққандығын айтқан. Балалар оның көлемін сырт көзге байқала қоймайтындай етіп кішірейтуді ұсыныпты. Роботтың бағдарламасын жасауға астаналық оқушы Ксения Орехова және Виктордың өзі оқып жатқан Назарбаев зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Зоя Журбенко көмектескен.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button