Қоғам

Қысқа-нұсқа

Өскемен тұрғындарын Абай даңғылында атылған қару-жарақ дауысы шошытты.

Белгілі болғандай, сол уақытта аталған даңғылда орналасқан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінде шабуылға тойтарыс беру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтіп, бос оқталған қарулар мен имитациялық жарылғыш заттар қолданылған.

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері қабылданған шаралардың нәтижесінде мал ұрлығы 7 пайызға азайды.

Тәртіп сақшылары «Барымта» жедел алдын алу шарасын өткізді. Үш күнде бұрын жасалған 5 мал ұрлығы анықталды. Арнайы тұраққа бей-берекет жайылған 600-ден астам мал қамалды, жоғалған 32 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды.

Облыста 26 130 адам көлік салығын төлемей келеді. Олардың қарызы 784 миллион теңгеден асып отыр.

Жыл басынан бері салық берешегі бар 48 589 адамнан 878,9 миллион теңге өндірілді. Полицейлер салық төлемеген көлік иелерін анықтау рейдтерін жүргізуде. Егер жүргізуші берешекті өтемесе, көлігі айыппұл тұрағына тоғытылады.

Өскемендегі қолайсыз экологиялық жағдайға «Казцинк» зауытындағы жарылыстың қатысы жоқ.

15 қыркүйекте «Казцинктегі» балқыту цехының пешін тазарту кезінде жарылыс болып, салдарынан бір қызметкер көз жұмды. Өндірістік жайларға шығын келген жоқ. Қаладағы ауаның ластануы осы жарылыстан болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.Қ

Осы айдарда

Back to top button