Қоғам

Білім жүйесін ақпараттандыру оқу сапасын арттырады

 

Білім жүйесін ақпараттандыру оқу сапасын арттырады

Өткен ғасырдың соңына дейін оқушының басты құралдары – оқулық, дәптер, қалам болатын. Ал бүгінде заманауи білім алу үшін озық компьютерлік құрылғылар қажет. Болашақ ұрпақ сапалы, уақыт талабына сай білім алуы үшін компьютер, интерактивті тақта, проектор сынды құралдар қолданылады мектептерде.

Ұшқыр Интернетке мектептердің жартысы ғана қосылған

Бүгінгі таңда еліміздің бүкіл білім беру жүйесі халықаралық заманауи нормаларға сәйкес қайта құрастырылуда. Салада ауқымды реформалар қолғаалынып, жүргізіліп жатыр. Әлбетте, кез келген өзгеріс халық арасында түсініспеушілік тудыратыны анық. Сол реформалардың байыбына бармай, сын тезіне алып, даттап жүргендер де баршылық. Десек те, мемлекеттің түпкі мақсаты бір – азаматтардың сапалы білім алуына қол жеткізу. Мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық бағыттарының қатарына білім беруді ақпараттандыру еніп отыр. Бұл қаражатты талап етеді. Бірақ білім саласына салынған әрбір тиын ертең ел экономикасына еселеп қайтарылатынын естен шығармауға тиіспіз.

Компьютер елімізде осыдан 20 жыл бұрын ғана көптеп пайда бола бастады. Алғашында банктерде, мемлекеттік мекемелерде тұрған олар қазір әр үйде бар. Ол бүгінгі күнде білім алудың басты құралы болып отыр. қазіргі заманның кітап-дәптері де, қаламы да осы – компьютер. Қазіргі күні облысымыздағы мектептер 100 пайыз компьютерлендірілген. Өткен оқу жылы соңындағы жағдай бойынша мектептегі бір компьютерге сегіз оқушыдан келіпті. Яғни, сегіз оқушыға – бір компьютер. Атап өтерлігі, 2015-2016 және 2014-2015 оқу жылдарында бұл көрсеткіш жетіоқушы болыпты. Бұл бала санының артуына байланысты болып отыр.

Ғаламторға қосылмаған компьютердің де пайдасы шамалы болып қалды. Онымен толыққанды жұмыс істеу үшін міндетті түрде интернетке қосулы болуы шарт. Облыста 659 мектеп бар. Солардың бәріинтернет желісіне қосылған. Дейтұрғанмен, оның сапасы, дәлірек айтсақ, жылдамдығы көңіл көншітпейді. Әсіресе, шалғай елдімекендерде. Қазіргі кездеоблыстық білім басқармасы тарапынан интернет желісіне қолжетімділікті арттыру жұмыстары жүргізілуде: Интернет желісінің қабылдап-тарату жылдамдығын үдетуге қажетті іс-шаралар атқарылып, кең жолақты жүйеге қосылудың техникалық мүмкіндігі қарастырылып жатыр. мына деректерге көз жүгіртелік:

2014 жылы облыстағы 676 мектептің 352-і (52%)кең жолақты интернетке қосылса, 2015 жылы 667 мектептің 360-ы (54%), 2016-2017 оқу жылының соңында 659 мектептің 355-і (54%) кең жолақты интернетке қосылды. Көріп отырғандарыңыздай, мектептердің тең жартысы әлі күнге дейін жылдам интернетке қол жеткізе алмай келеді.

Kundelik-тің көмегімен балаңызға жақынырақ болыңыз

Сонымен қатар, бүгінде білім беру саласында тиімді ақпараталмасу жүйесі енгізілуде. Бұл дегеніміз не? Бұл ең алдымен білім беру сапасын арттыру мақсатында атқарылып жатқан шаруа. Өткен жылы облыстың 391 мектебінде электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі – «Күнделік.kz» бағдарламасы енгізілді. Электронды күнделіктің тигізер пайдасы зор.

«Күнделік.kz» – бұл білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағықұжат айналымына арналғанонлайн портал. Оның сынып журналы, оқушы күнделігі, сабақ кестесі мен үй тапсырмасын басқару сияқты мүмкіндігі бар.

Өскемен қаласындағы №46 орта мектеп осы электронды жүйені былтыр тәжірибе ретінде 2, 5 және 9 сыныптарға енгізіпті. Мекеменің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Бақыт Кожикова бізге берген сұхбатында электронды күнделікті жүргізуде кедергілер болғанын айтты.

– Алдымен, бұл мұғалімдердің жұмысын көбейтті. Олар оқушының бағасын алдымен сынып журналына жазады, күнделікке жазады, сосын барыпкомпьютерге тереді. Егер бірыңғай электронды түрде толтырылса, жеңіл болар еді. Екіншіден, ата-аналар тарапынан белсенділік байқалмады. Көбі баласының бағасын тексермейтін болып шықты. Үйде компьютеріміз жоқ, не болмаса интернетке қосылмаған деген себептер айтады. Ал жалпы осы порталдың тиімділігі, әрине, бар. Ата-анаға баласының бағаларын, үй тапсырмаларын үйде отырып, компьютерден біліп отырған ыңғайлы ғой, – деді ұстазосы жүйе жөнінде.

2016 жылы сапалы цифрлы контентпен қамтамасыз ету мақсатында облыстың 391 мектебі «Bilimland» электронды білім беретін интернет-ресурстарына қосылды. Оған«Bilimland» білім беру порталы, «iTest» ҰБТ-ға дайындық бағдарламасы, бастауыш мектептеріне арналған «iMektep» мультимедиялық курсы енеді.

Аталған білім беру ресурсы білім министрлігінде және «Назарбаев зияткерлік мектебі» білім беру бағдарламаларының орталығында сараптамадан өтіп, Ұлттық тестілеу орталығы қолдануға берген. Бүгінгі таңда облыстың барлық мектептерінде аталған электронды ресурстарға қолжетімділік бар.

Сондай-ақ, оқушылардың ІТ-білімін подготовка к егэ по информатике курсы қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың басынан бастап облыс мектептерінде «Болашақ мамандары» жобасы енгізіле бастады.«Болашақ мамандары» жобасы – бұл оқушылардың кәсіби дайындығы мен олардың ерте кәсіптік бағдарының инновациялық элементтерін жасауға бағытталған кешенді шешім. Мектеп оқушылары төмендегі бағыттар бойынша білім алады: электроника, мехатроника, роботты техника, бағдарламалау, CAD инженерлік дизайн, интернетпен басқарылатын денелер, толықтырылған нақтылық, 3D үлгілеу, прототиптеу, мультимедиялық журналистика.

– Жобаны жүзеге асыру мақсатында осы жылы облыстағы 283 мектептің информатика, математика, физика пәндерінің 407 мұғалімі үшін «3D-үлгілеу» бағыты бойынша курстар өткізілді. Мультимедиялық журналистиканың негіздерін үйрену үшін облыс мектептерінің 200 мұғаліміне «Мультимедиялық журналистика» бағыты бойынша онлайн-курс өткізілді. Қазіргі уақытта облыс мектептерінде 260 баспасөз орталығы қызмет етуде (1612 оқушы). Мектепішілік JuniorPressVKO баспасөз орталығының бірыңғай интернет-каналы құрылды, – дейді білім басқармасы басшысының орынбасары Сайрангүл Жұмаділова.

Атқарылған жұмыс өз жемісін беріп те үлгерді. Мәселен, сәуір айында облыс оқушылары арасында 3D-үлгілеу, жоспарлаужәне мультимедиялық журналистикадан тұңғыш рет «3D-Alem» облыстық чемпионаты өткізілді. Мектеп оқушылары «PTC CreoParametric 3.0» компьютерлік бағдарламаның көмегімен үш өлшемді нысандарды үлгілеу бойынша жарысқа түсті. Сонымен қатар команда мүшелері сарапшылардың алдында мультимедиялық құрылғылардың көмегімен «Мультимедиялық журналистика» бағыты бойынша орындалған жобаларын таныстырды.

Мектептерінің жартысынан көбі шалғай ауылдық жерлерде орналасқан және шағын жинақталған болып келетін Қазақстан үшін білім беру үрдісін ақпараттандыру ауадай қажет, жырақтағы ауылда оқып жүрген оқушының үлгерімін арттыруға тек компьютер ғана септігін тигізеді. Осыған байланысты облысымызда бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіле бермек деп хабарлайды білім басқармасы.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button