Қоғам

Құтқарушылар үйлерді аралап шықты

Жылыту маусымы қарсаңында құтқарушылар профилактикалық сипаттағы жұмыстарды күшейтті. Облыс аумағында пешпен жылытылатын, азаматтардың әлеуметтік осал санаттары тұратын 3 174 үй бар.

 Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖ мамандары пешпен жылытуды және электр құралдарын пайдалану ережелері бойынша нұсқаулықтар таратып, қауіпсіздік шараларын сақтауды, жылыту маусымына дейін ақаулықтарды түзетуді тапсырды.  Тексеру барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып пайдаланылып жатқан 1802 үй анықталды. 1613 бұзушылық пешпен жылытумен байланысты, 573 бұзушылық электр желілері мен электр жабдықтарын пайдаланумен байланысты екені, газ баллондарын сақтау мен пайдаланудың бұзылуы, эвакуациялық жолдарға шығу кезіндегі қоқыстардың жатуы, үйлер арасындағы өртке қарсы аралықтардың болмауы сынды жағдайлар бары анықталды.

Облыс аумағында жеке тұрғын үй секторында тұратын тұрғындар арасында аулаларды аралау бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Бүгінгі таңда жеке тұрғын үй секторында тұратын тұрғындар арасында 17 000-нан астам аулаларды аралау жүргізіліп,  нәтижесінде  4182 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталды. Жер үйлерде  улы газ дабылдатқыштарын орнату да жалғасын табуда.  Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға бұл құрылғыны демеушілер, жергілікті бюджет есебінен орнатылуда.  Ал қалғандарына өз қауіпсіздігі үшін газталдағыштарын сатып алу ұсынылып отыр. Құрылғы адамдардың өмірін қорғауға мүмкіндік береді. Ол үйде газдың концентрациясы көбейген жағдайда дыбыс шығарып, белгі береді.

Қуаныш Рахметоллаұлы 

Осы айдарда

Back to top button