Қоғам

Құтқарушылар дабыл қақты

Облыста өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері 300-ден астам жиналған шөп  отқа оранып, 242 гектар аумақтағы төрт дала өрті ауыздықталды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бастапқыда қызыл жалынды бақылау үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары космомониторингтің көмегіне жүгінеді. Оның деректерін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен «Geosat» ЖШС ұсынады.

– Ғарыштық технологияның көмегімен құтқарушылар өртті уақытында анықтап, оның таралуына жол бермеді. Жалпы, 2022 жылдың сәуір айынан бастап 640-тан астам термиялық нүкте пысықталды, бұл жедел іс-шаралардың арқасында мамандарымыз көптеген апаттың алдын ала білді, – деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.

Бұған қоса, облыста тұрақты түрде өртке қарсы рейдтер ұйымдастырылып тұрады.

– Өңірде құрылған 44 мобильді топ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 336, 367, 410-баптары бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 40 дерегін анықтады. Ережені бұзған азаматтың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау  басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұржан Өміржанов.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button